«Келешекте жоғарыда тұрған сот инстанцияларына электрондық форматтағы шағымдармен (өтініштермен) жүгіну мүмкіндігі мәселесін қарау жоспарланып отыр», — делінген ЖС- тың жұма күні бірінші жарты жылдықтың қорытындысын шығаруға арналған кеңейтілген кеңестен кейін таратылған хабарламасында.
Сондай-ақ, ЖС сот тыңдауларының электрондық залының стандарт моделін жасауды, экономикалық соттарда істерді электрондық сот өндірісі тәртібімен қарау процедурасын енгізуді жоспарлап отыр.