Жоғарғы сот бұрынғы судьялар Жәкішев пен Тәшеноваға қатысты соттылық жөнінде мәселені кассациялық тәртіпте шешеді
ҚР Жоғарғы соты бұрынғы судьялары Сайлаубек Жәкішев пен Алмаз Тәшеноваға қатысты іске кассациялық қарсылықты қарастыру орнын белгілейтін болады. |
Бұл мәселені бүгін Қарағанды облыстық сотының кассациялық алқасы қарады.
«С. Жәкішев пен А. Тәшеноваға қатысты соттылық жөнінде мәселені шешу үшін іс кассациялық тәртіпте ҚР ЖС-на жіберіледі. Қарағанды облысы прокурорының бұл бөлім бойынша қарсылық көрсетуін қанағаттандырылсын», - деп үкім шығарды Қарағанды облыстық сотының төрағасы Ермек Серекбаев.
Естеріңізге сала кетейік, Көкшетауда Ақмола облысының қылмыстық істер бойынша мамандандырылған сотында ҚР Жоғарғы сотының бұрынғы судьялары Алмаз Тәшенова мен Сайлаубек Жәкішевке қатысты сот үкімі шығарылды.
Сот С. Жәкішевті аса үлкен көлемде - 70 мың АҚШ доллары мөлшерінде пара алғаны үшін кінәлі деп деп танып (ҚР ҚК-нің 213 бабының 5 бөлімі), мүлігін тәркілеуімен, қатаң режимде өтеумен 12 жылға бас бостандығанан айырды. Сонымен қатар оған бостандыққа шыққаннан кейін сот төрешісі және 5 жыл бойы мемлекеттік органдарда билік саласында қызмет жасауына тыйым салынады.
Айыпталған екінші судья Алмаз Тәшенова пара алғаны үшін (ҚР ҚК-нің 311 бабының 5 бөлімі) мүлік тәркілеуімен, 10 жылға жалпы режимдегі түзеу мекемесінде жазасын өтеуге сотталды. Оған да бостандыққа шыққаннан кейін 5 жылға дейін судья болуға тыйым салынады.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін