Жоғарғы сот кеңесі Елбасына ҚР Жоғарғы сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасына Әбдірашит Жүкеновты тағайындауды ұсынды - kaz.caravan.kz
  • $ 522.38
  • 612.6
+2 °C
Алматы
2025 Жыл
13 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жоғарғы сот кеңесі Елбасына ҚР Жоғарғы сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасына Әбдірашит Жүкеновты тағайындауды ұсынды

Жоғарғы сот кеңесі Елбасына ҚР Жоғарғы сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасына Әбдірашит Жүкеновты тағайындауды ұсынды

Жоғарғы сот кеңесі Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа ҚР Жоғарғы сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасына Әбдірашит Жүкеновты тағайындауды ұсынды. Қазір ол ҚР Бас прокурорының орынбасары қызметін атқарады. Бұл туралы бүгін, 24-мамырда Жоғарғы сот кеңесінің жиналысында кеңес төрағасы Мақсұт Нәрікбаев мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 24 Мамыр 2005
  • 717
Фото - Caravan.kz

«Әбдірашит Жүкенов еліміздің сот жүйесінен шыққан адам»,- деді М.Нәрікбаев.

Ол осы орайда Ә.Жүкеновтың өз кәсіби қызметін сот мәжілістерінің хатшысынан бастап, сот үкімін орындатушы, аудандық, облыстық және ҚР Жоғарғы сотының судьясы , Шығыс Қазақстан облыстық сотының алқа төрағасы болғанын еске салды. Ә.Жүкенов ҚР Бас прокурорының орынбасары қызметін 4 жылдан бері атқарып келеді.
«Әрине, оны тағайындау немесе тағайындамау мәселесін президент пен парламент сенаты шешеді, бірақ Жоғарғы сот кеңесі бұл шешімді мақұлдап отыр»,- деді Мақсұт Нәрікбаев. Жоғарғы сот кеңесі төрағасының айтуынша, ҚР Жоғарғы сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы лауазымына 4 үміткердің аты ұсынылған. Бірақ кеңес төрағасы олардың аты-жөнін атаған жоқ.
Отырыс барысында ҚР Жоғарғы сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы лауазымына ұсынылатын үміткермен бірге ҚР Жоғарғы сотының судьясы, Ақтөбе облыстық сотының төрағасы, Қостанай облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі алқасының төрағасы сынды бос жұмыс орындарына ұсынылатын үміткерлердің мәселесі қаралады. Сонымен бірге облыстық және оған теңестірілген соттардың судьясы лаазымын иемденетін адамдар байқау нәтижесінде іріктелмекші.

Перейти к новостям спорта