«Әділет саласының квалификациялық алқасының таратылуына байланысты Жоғарғы сот кеңесінің мәртебесі мен құзыреті туралы мәселені жеке қарауды талап етеді»,- деді И.Рогов. «Жоғарғы сот кеңесінің бұрынғыдай республика президентінің жанында жұмыс істеу мүмкіндігін сақтай отырып, оған маман іріктеу және басқа да өкілеттіліктермен қатар сот жүйесіне мейлінше тиімді ықпал етуге мүмкіндік беретіндей құзырет беру қажет. Әлбетте, әділеттілікті жүзеге асырудағы судьялардың тәуелсіздігіне бұл орайда қол сұғуға болмайды»,- деді ол.
И.Роговтың пікірінше, Жоғарғы сот кеңесінің құрылымында «судьялықтан үміткерлерден квалификациялық емтихан қабылдайтын бөлімше құру қажет». «Жоғарғы сот кеңесінің төрағасы өз міндетін қазіргідей қоса атқармай, тұрықты негізде атқарға тиіс деп санаймын»,- деді ол.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті