Жоғарғы сот негізсіз жұмсалған Т17,4 млн қаржыны республикалық бюджетке қайтарады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жоғарғы сот негізсіз жұмсалған Т17,4 млн қаржыны республикалық бюджетке қайтарады

Жоғарғы сот негізсіз жұмсалған Т17,4 млн қаржыны республикалық бюджетке қайтарады

Жоғарғы сот (ЖС) негізсіз жұмсалған Т17,4 млн қаржыны республикалық бюджетке қайтарады, деп мәлім етті соттың ресми өкілі Оксана Петерс.

  • 15 Шiлде 2011
  • 418
Фото - Caravan.kz

«Есеп комитеті Жоғарғы сотқа жүргізген тексерудің нәтижесі бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы қаулы шығарды… ҚР Жоғарғы сотының әкімшілік ғимаратының дирекциясы» РМКК көрсетілген қызметтер үшін төленген қаржыны қарастырады. 17,4 млн теңге республикалық бюджеттің кірісіне аударылады», — деді ол жұма күні брифингте.

Оның айтуынша, ҚР ЖС Есеп комитетінің аталған бұзушылықтарды жою туралы қаулысын орындау бойынша шаралар жоспарын әзірлеген.

«Оның нәтижесі бойынша айыптылар жауапқа тартылады. Қаулыда көрсетілген мерзімде бұзушылықтар жойылады», — деп сендірді О. Петерс.

Еске сала кетейік, ЕК мәліметтеріне сәйкес, 2010 жылы Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары соттарының әкімшілері судьялар үшін нұсқаулықта белгіленген сомадан артық Т12 млн-ға тұрғын үй сатып алған.

Сондай-ақ, сол жылы Жоғарғы соттың судьялары мен аппаратының қызметкерлеріне Т64 млн көлемінде сыйақы берілген, ал ЖС-ның әкімшілік шығындары негізсіз түрде арттырылған.

ЕК Жоғарғы соттың әкімшілік ғимаратының дирекциясын негізсіз жасалған шығындарды республикалық бюджетке қайтаруға міндеттеді.

Соңғы жаңалықтар