Жоғарғы сот Сәрсенбаевты өлтіруге қатысты іс бойынша үкімдерді өзгеріссіз қалдырды (толықтырылған нұсқа) - kaz.caravan.kz
  • $ 505.53
  • 593.44
+1 °C
Алматы
2025 Жыл
31 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жоғарғы сот Сәрсенбаевты өлтіруге қатысты іс бойынша үкімдерді өзгеріссіз қалдырды (толықтырылған нұсқа)

Жоғарғы сот Сәрсенбаевты өлтіруге қатысты іс бойынша үкімдерді өзгеріссіз қалдырды (толықтырылған нұсқа)

АСТАНА. 8-желтоқсан. Kazakhstan Today. Жоғарғы соттың қылмыстық істер жөніндегі алқасы саясаткер Алтынбек Сәрсенбаев пен оның көмекшілерін өлтіруге қатысты іс бойынша Алматы облыстық соты шығарған үкімдерді өзгеріссіз қалдырып, апелляциялық шағымдары қанағаттандырмай тастады, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 8 Желтоқсан 2006
  • 516
Фото - Caravan.kz

Соттың шешімін бүгін Жоғарғы соттың қылмыстық істер жөніндегі алқасының төрағасы Әбдірашит Жүкенов оқып таныстырды.

«Жәбірленушілер мен олардың өкілдерін, сотталғандар мен олардың адвокаттарын, прокурордың пікірін тыңдай отырып, іс материалдарын зерттеп, апелляциялық шағымдардардағы дәйектермен таныса отырып ҚР Жоғарғы сотының қылмыстық істер жөніндегі алқасы былай деп қаулы етеді: Алматы облыстық сотының 2006-жылдың 31-тамызындағы үкімі өзгеріссіз қалдырылсын.. жәбірленішілер, сотталғандар мен олардың адвокаттарының апелляциялық шағымдары қанағаттандырылмасын.. «,- деді қаулының резолюциялық бөлігін оқып таныстырған ҚР Жоғарғы сотының қылмыстық істер жөніндегі алқасының төрағасы Ә.Жүкенов.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, А. Сәрсенбаев пен оның серіктестері — оққағары Бауыржан Байбосын мен жүргізушісі Василий Журавлевтің тапанша оғынан жараланған денелері 13 ақпан күні Алматы облысы Талғар ауданы Көктөбе және «12 бригада» ауылдары арасындағы ауыларалық тас жолдың бойынан табылған болатын. Саясаткерді ұрлап әкету және өлтіру ісі бойынша он адам, оның ішінде «Арыстан» арнайы қызметінің алты қызметкері күдікті ретінде ұсталған.

Жоғарғы соттың қаулысымен Алтынбек Сәрсенбаев, Василий Журавлев пен Бауыржан Байбосынды өлтіруге қатысты қылмыстық істі Талдықорғандағы Алматы облыстық соты қарады. Сот мәжілістері 14-маусымда басталып, 31-тамызда аяқталды.

Атап айтқанда, сот үкіміне сәйкес, сенат аппаратының бұрынғы жетекшісі Ержан Өтембаев А.Сәрсенбаевты өлтіруге тапсырыс беруші деп танылып, 20 жылға бас бостандығынан айрылса, сот қылмысты тікелей ұйымдастырушы әрі атқарушы деп таныған Рустам Ибрагимов өлім жазасына кесілді, мүлкі тәркіленетін болды. Сондай-ақ, адам ұрлап өлтірген деген айып тағылған Виталий Мирошников та 20 жылға бас бостандығынан айрылып, мүліктері тәркіленетін болды.

Қылмысқа қатысқан басқа жеті адамды сот 3-тен 14-жылға дейін бас бостандықтарынан айыруға үкім шығарды.

Қылмыстық іс бойынша жапа шеккен және айыпталған екі жақ бірдей Жоғарғы сотқа жүгінген. Жоғарғы сотта іс апелляциялық тәртіппен 5-желтоқсанда қарала бастады.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта