Жоғарғы сот судьясы Ақмола облысындағы қанды оқиғаға түсінік берді - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жоғарғы сот судьясы Ақмола облысындағы қанды оқиғаға түсінік берді

Жоғарғы сот судьясы Ақмола облысындағы қанды оқиғаға түсінік берді

ҚР Жоғарғы сотының судьясы Ербол Рахымбеков кеше Ақмола облысында орын алған қанды оқиғаға қатысты пікірін білдірді. Еске салайық, жемқорлық дерегі бойынша сотталып жатқан 61 жастағы ер азамат Ақмол ауылындағы прокуратураға мылтықпен кіріп, есік алдында отырған прокурор мен АІІБ қызметкерін атып тастады. Артынша далаға шыққан ол саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған кешеннің жанына барып өзіне де қол жұмсаған болатын.

  • 21 Шiлде 2017
  • 356
Фото - Caravan.kz


Зардап шеккен құқық қорғау органдарының қос қызметкері ауыр жағдайда ауруханада жатыр. Ал, қайтыс болған Өміржан Жампозовтың туыстары болса прокуратура тарапынан оған қысым жасалғанын КТК телеарнасына айтып берген. Ол көзі тірісінде су шаруашылығына қатысты ірі мекеменің басшысы болыпты. Алайда, құзырлы органдар оған 600 млн теңгені жымқырды деген айып тағып, судьядан 10 жылға қамауын сұраған екен. Соттың шешімі кеше шығуы тиіс болған.

Бүгін осы жайтқа байланысты ҚР Жоғарғы сотының судьясы өз ойын айтты.

"Біріншіден, аталған іс бойынша мәліметтердің бәрі бізге қолжетімсіз. Бұл тергеу барысында белгілі болады. Яғни, оның не үшін мұндай қадамға барғаны анықталады. Бәлкім жеке басының араздығы болған шығар, бәлкім прокуратураның ұстанымымен келіспеген шығар. Оқиғаның дәл прокуратура ғимаратында болуы сондай күдік тудырып отыр. Ал, сот отырысына келер болсақ, іс Жампозовтың өліміне қатысты тоқтауы да мүмкін. Біз алдын ала білмейміз ғой, бәлкім судья оны ақтайтын үкім шығарғысы келген шығар", — деді Ербол Рахымбеков.