Жоғарғы сот төрағасы "Жоғарғы соттың 2009-2011 жылдарға арналған стратегиялық жоспарының" жобасын таныстырды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жоғарғы сот төрағасы "Жоғарғы соттың 2009-2011 жылдарға арналған стратегиялық жоспарының" жобасын таныстырды

Жоғарғы сот төрағасы "Жоғарғы соттың 2009-2011 жылдарға арналған стратегиялық жоспарының" жобасын таныстырды

Астана. 25 қараша. "Қазақстан Бүгін" - ҚР Жоғарғы сотының төрағасы Қайрат Мәми Ақордада "Жоғарғы соттың 2009-2011 жылдарға арналған стратегиялық жоспары" жобасын таныстырды, деп хабарлайды агенттік тілшісі Жоғарғы соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 25 Қараша 2008
  • 574
Фото - Caravan.kz

Баяндама жасаған Жоғарғы сот төрағасы Қайрат Мәми өз сөзінде атап көрсеткеніндей, Стратегияда Қазақстанның сот жүйесін дамытудың негізгі мақсаттары мен бағыттары көрсетіліп отыр.

Қ.Мәмидің айтуынша, Стратегиялық бағыттар судьялардың тәуелсіздігін заңнамалық кепілдендіруге мүмкіндік береді, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықтың және басқа да заңсыздықтардың жолдарына қосымша тосқауылдар қояды.

Стратегиялық жоспардың діттеген мақсаты — заманауи қоғам мен құқықтық мемлекеттік талаптарына сай келетін әділ сот жүйесін құру.

Стратегия мемлекеттік органдардың бюжеттік жоспарлау жүйесін орта мерзімді жүзеге асыру шеңберінде дайындалды. Ол Қазақстандағы сот жүйесінің даму бағыты мен негізгі мақсаттарын құрайды. Стратегиялық жоспар үш бағыттан тұрады.

Біріншіден, судьялардың әлеуметтік және құқықтық кепілдіктерін күшейтуді жақсартуда сот төрелігінің тиімділігін арттыру. Судья кадрларын дайындау және оқыту жүйелілігін қамтамасыз ету, сондай-ақ сот актілерінің жоғары деңгейде орындалуына қол жеткізу.

Екіншіден, Сот билігінің құрылымын қайта құруда ең тиімді үш буынды жүйе етіп құру, халыққа неғұрлым жақын, азаматтарға түсінікті әрі қолжетімді болуы. Елімізде біртұтас әкімшілік реформаның жүргізілуіне сәйкес, ең маңыздысы ұйымдық-құрылымдық және мемлекеттік институттарды функционалдық оңтайландырудың тиімділігін арттыруға бағытталған.

Үшіншіден, Стратегиялық жоспардың бағыты — соттардың мәртебесі, материалдық-техникалық тұрғыдан жарақтандыру олардың жоғары дәрежесіне парапар болуы.

Аталған шаралар судьялардың тәуелсіздігін заңды түрде нығайтуға кепілдік береді. Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлық және қиянат жасаудың жолына қосымша кедіргілер қою мүмкіндігін жасайды. Стратегиялық жоспардың түпкілікті мақсаты — қазіргі заманға лайықты қоғамдағы және құқықтық мемлекеттегі талаптарға жауап беретін әділ сот жүйесін құру.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар