Жарияланды: 420

Жоғарғы сот төрағасы журналистерді құттықтады

Бүгін ҚР Жоғарғы сотының төрағасы Бектас Бекназаров төл мерекелері қарсаңында елімізге белгілі бірқатар журналистерді құттықтады.

«Ырыс алды - ынтымақ» деген. Журналистер мен еліміздің сот билігі өзара түсінісіп, еліміздің дамуы үшін атқарылып жатқан өрелі істерге жұмылып отырмыз. Сонымен қатар, баспасөз өкілдерінің сот беделін көтеру мақсатындағы шын ықыласты жұмыстарына әрқашан дән ризамыз. Бұл тұрғыда еліміздің журналистері Қазақстанның құқықтық саясатын халыққа шынайылықпен жеткізіп жүрген қаламы ұшқыр, ой-мақсаты тұнық қаламгер. Сондықтан да, еліміздің барша журналистеріне мұқалмас күш-жігер, ұшқыр ой, шалқар шабыт пен шығармашылық табыс тілеймін», - деді бүгін мереке қарсаңында бір топ баспасөз өкілдерімен кездесуі барысында Жоғарғы сот төрағасы Бекзат Бекназаров. Сонымен қатар, кәсіби мерекелері қарсаңындағы жүздесу барысында Төраға халықтың сот жүйесіне сенімін көтеру бағытында бұқаралық ақпарат құралдарының алатын орнына тоқталып, алдағы уақытта да ел дамуы үшін сот билігінің БАҚ-пен қоян-қолтық жұмыстар атқарылатынына сенім білдірді. Сондай-ақ, төраға Б. Бекназаров журналистік қызметінде сот жүйесі туралы мәселелер көтеріп, осы бағытта қалам тербеп көзге түскен бір топ журналистерді алғыс хатымен марапаттады. Марапатталғандардың арасында «ҚазАқпарат» ҰК шолушысы Мұратбек Мақұлбеков бар.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін