Жоғарғы соттың судьясы қызметтен босатылды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жоғарғы соттың судьясы қызметтен босатылды

Жоғарғы соттың судьясы қызметтен босатылды

Бүгін, 27-қарашада өткен сенаттың жалпы отырысында депутаттар ҚР Конституциясының 55-бабы, 1-бөліміне сәйкес Байрамалы Ахметовты отставкаға кетуге байланысты ҚР Жоғарғы сотының судьясы қызметінен босатты,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі Астанадан.

  • 27 Қараша 2003
  • 343
Фото - Caravan.kz

ҚР Жоғарғы сотының судьясы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың түсініктемесі бойынша қызметінен босатылды. Онда атап көрсетілгеніндей, «Б.Ахметов ҚР Жоғарғы сотының судьясы қызметінен өз өтініші бойынша отставкаға кетуге байланысты босатылады» делінген.

Сондай-ақ, Алматы қалалық сотының судьясы Болат Тохметов өз өтініші бойынша отставкаға кету түрінде қызметінен босатылды. Алматы қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі коллегиясының төрағасы болып Марат Нұрбеков, Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының судьясы қызметіне Тілектес Барпыбиев тағайындалды.
Бұл тағайындаулар мемлекет басшысының жарлығына сәйкес жүзеге асырылды.

Соңғы жаңалықтар