Жоғары хоккей лигасы: Қазақстанның екі командасы бір-біріне қарсы шығады - kaz.caravan.kz
  • $ 505.53
  • 593.44
+1 °C
Алматы
2025 Жыл
31 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жоғары хоккей лигасы: Қазақстанның екі командасы бір-біріне қарсы шығады

Жоғары хоккей лигасы: Қазақстанның екі командасы бір-біріне қарсы шығады

Бүгін Қарағанды қаласында Жоғары хоккей лигасында өнер көрсетіп жүрген екі қазақстандық ұжым - «Сарыарқа» мен «Қазцинк-Торпедо» командалары арасындағы ойын өтеді.

  • 3 Қараша 2013
  • 493
Фото - Caravan.kz

«Қазцинк-Торпедоның» биылғы чемпионатты сәтті бастағанын ерекше атап өткен жөн. Өскемен қаласының хоккей клубы бірнеше ойында қатарынан жеңіске жетіп, лиганың жалпытурнирлік кестесінің көш басына да шыққан. Бірақ соңғы үш матчта ұтылып, төртінші орынға сырғып түсті. Ал өткен чемпионаттың финалына дейін жеткен «Сарыарқа» үшін бұл чемпионат басқаша өрбіді. Қарағанды қаласының хоккей клубы бірнеше рет ұтылып, ең соңғы орында аутсайдер болып та танылған. Дегенмен, бірте-бірте күш жинап, төменнен жоғары қарай көтеріле бастады. Оған қоса, жақында клубтың бас бапкері ауысты. Ол қызметке словак маманы Душан Грегор келді. Оның жетекшілігімен «Сарыарқа» соңғы екі ойында жеңіске жетті. Қазір команда 29 ұпаймен жалпытурнирлік кестеде 10-шы орында келеді.


Айта кетейік, Құрлықтық хоккей лигасында Қазақстанның атынан бір команда ойнап жүр. Ол — Астана қаласының «Барыс» хоккей клубы. Ал Жоғары хоккей лигасында екі қазақстандық ұжым — «Сарыарқа» мен «Қазцинк-Торпедо» өнер көрсетеді. Екі команда арасындағы ойын бүгін Астана уақыты бойынша сағат 14:00-де басталады.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера