Жоғары лигадағы әйелдер командалары арасында теміртаулықтар 3-турда «А» тобында қарсылас шақ келтірмеді - kaz.caravan.kz
  • $ 512.81
  • 604.19
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
25 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жоғары лигадағы әйелдер командалары арасында теміртаулықтар 3-турда «А» тобында қарсылас шақ келтірмеді

Жоғары лигадағы әйелдер командалары арасында теміртаулықтар 3-турда «А» тобында қарсылас шақ келтірмеді

Алматыда 23-28 ақпан аралығында волейболдан Жоғары лиганың «А» тобындағы әйелдер командалары арасында ХХ Қазақстан чемпионатының 3-туры өтті.

  • 29 Ақпан 2012
  • 373
Фото - Caravan.kz

Онда барлық қарсыласын 3:0 есебімен ұтқан «Спартак АМТ» командасы 15 ұпаймен бірінші орын алды. Теміртаулықтарға ойсырай ұтылып, павлодардың «Қазхромына» 2:3 есебімен есе жіберген оралдың «Грация-KZ» командасы 10 ұпаймен екінші орын алды. Көшбасшыдан 8 ұпайға артта қалып қойған қостанайлықтар үздік үштіктің қатарына енді. Ал павлодарлықтар — 6, алматытылықтар («Алматиночка») — 4 ұпай жинаса, Қарағанды облысының («Қарағанды-2») спортшылары 3 ұпаймен турнир кестесін түйіндеді.

Жалпы Жоғары лигадағы 12 команда бұған дейін ел чемпионатының алғашқы 2 турында жинаған ұпайлары бойынша 2 топқа бөлінген еді. Онда турнир кестесінде 1-6 орын алғандар «А» тобына енген болатын.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера