Жоғары лигадағы әйелдер командалары арасындағы ХХ Қазақстан чемпионатының 1-турында 2 команда жеңіліссіз келе жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 489.17
  • 576.63
+10 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жоғары лигадағы әйелдер командалары арасындағы ХХ Қазақстан чемпионатының 1-турында 2 команда жеңіліссіз келе жатыр

Жоғары лигадағы әйелдер командалары арасындағы ХХ Қазақстан чемпионатының 1-турында 2 команда жеңіліссіз келе жатыр

Волейболдан Жоғары лигадағы әйелдер командалары арасындағы ХХ Қазақстан чемпионатының 1-турын 2 команда жеңілісіз аяқтауы мүмкін.

  • 17 Қараша 2011
  • 514
Фото - Caravan.kz

13-қарашада жалауы көтерілген бұл сайыста жеңіліссіз келе жатқан «Костанай» мен «Спартак АМТ» (Теміртау) ҚР Волейбол федерациясы таратқан хабарламаға қарағанда, 2-турда ғана өз шеберліктерін сынамақ. Қостанайлықтар бұған дейін «Жетісу-2» (Алматы облысы), «Алматиночка» (Алматы), «Шығыс-ҚорғасынҚұрылыс» (Өскемен) пен «ЦСКА ВКС» (Алматы), теміртаулықтар -«ҚазЭУ» (Алматы), «Шығыс-Қорғасын Құрылыс», «Грация-KZ» (Орал) және «Қарағанды-2» (Қарағанды облысы) волейболшыларын 3:0 есебімен тізе бүктірген еді. Бүгін енді «Қостанай» «Қазхроммен» (Павлодар), «Спартак АМТ» «Астана-2» командаларымен кездеседі. Ал ақырғы кездесуде ертең қостайлықтар шымкенттіктермен («Қазығұрт»), теміртаулықтар «жетісулықтармен» жұп құрамақ.