Жоғары лиганың А тобында өнер көрсететін ерлер командасында 4 команда өзгелерден қара үзіп кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 489.99
  • 580.25
+1 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жоғары лиганың А тобында өнер көрсететін ерлер командасында 4 команда  өзгелерден қара үзіп кетті

Жоғары лиганың А тобында өнер көрсететін ерлер командасында 4 команда өзгелерден қара үзіп кетті

Ақпанның 20-27 күндері Қызылжарда волейболдан ерлер командалары арасында Жоғары лиганың А тобында ХІХ Қазақстан чемпионатының 3-тур ойындары өтеді.

  • 19 Ақпан 2011
  • 584
Фото - Caravan.kz


Алғашқы 2 турдың қорытындысы бойынша турнир кестесінде Шымкенттің «ОҚМУ-Қазығұрт» (36 ұпай) командасы бірінші орында келе жатыр. 2-3 орынды 30 ұпаймен Оралдың «Жайық-Конденсаты» мен Астананың «Ұшқын-Искрасы» бөлісуде. Оларды 27 ұпаймен Павлодардың «Ертіс» волейболшылары өкшелеп келе жатыр. Өзге командалар болса көшбасшылардан қара үзіп қалды. Мәселен, Қызылжардың «Есіл-Викториясында» — 20, алматылық «ЦСКА-Алматыда» — 10, «ҚазНАУ-да» — 8, ал «Атырау-2» қоржынында 7 ұпай бар. Жексенбі күні алғашқы сайыста турнир көшбасшысы көш соңында келе жатқан атыраулықтармен сынға түседі. Ал оралдықтар — «ҚазНАУ-лықтармен, астаналықтар — ЦСКА-шылармен, павлодарлықтар жарыс қожайындарымен шеберлік байқасады.