Жоғары лиганың А тобындағы ерлер командалар арасындағы 2-тур ойындары аса тартысты өтуде - kaz.caravan.kz
  • $ 491.97
  • 583.77
+3 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жоғары лиганың А тобындағы ерлер командалар арасындағы 2-тур ойындары аса тартысты өтуде

Жоғары лиганың А тобындағы ерлер командалар арасындағы 2-тур ойындары аса тартысты өтуде

Павлодарда өтіп жатқан Жоғары лиганың А тобындағы ерлер командалары арасындағы XIX ел чемпионатының 2-туры аса тартысты өтіп жатыр.

  • 9 Желтоқсан 2010
  • 479
Фото - Caravan.kz

Кеше онда бұған дейін жеңіліссіз келе жатқан жарыс қожайындарының «Ертіс-АО АҚ» командасы астаналық «Ұшқын-Искраға» 2:3 есебімен есе жіберді. Ал бірінші турда топ жарғанымен алдыңғы күні павлодарлықтардың осал тұсын таба алмаған шымкентіктер қызылжардың «Есіл-Викториясынан» (2:3) ұтылды. Екінші турдың ақырғы ойыны енді 10 желтоқсанда өтеді.

Жалпы бірінші турда шымкенттікттер 21 ұпаймен — бірінші, астаналықтар 17 ұпаймен — екінші, оралдықтар («Жайық-Конденсат») — үшінші, павлодарлықтар төртінші орын алған болатын. Ал онда 1 ұпаймен соңғы 8-ші орынды қанағат тұтқан Алматының «ЦСКА-Алматы» клубы бұл жолы өз нәтижесін біршама жақсартып алды. Олар алматылық «ҚазҰАУ»(3:0) мен қызылжарлық «Есіл-Викторияны» (3:1) ойсырата ұтып, қоржынын қомақты ұпайларын салды.