Жоғары лиганың «Б» тобындағы әйелдер командалары арасындағы ел чемпионатының 4-турында 2 команда ғана жеңіліссіз келе жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 494.66
  • 581.87
0 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жоғары лиганың «Б» тобындағы әйелдер командалары арасындағы ел чемпионатының 4-турында 2 команда ғана жеңіліссіз келе жатыр

Жоғары лиганың «Б» тобындағы әйелдер командалары арасындағы ел чемпионатының 4-турында 2 команда ғана жеңіліссіз келе жатыр

Бүгін волейболдан Алматыда өтіп жатқан Жоғары лиганың «Б» тобындағы әйелдер командалары арасында ХХ Қазақстан чемпионатының 4-турындағы командалар бір күндік үзіліс алды. Ертең енді жеңіліссіз келе жатқан екі команда өзара кездеседі.

  • 20 Наурыз 2012
  • 407
Фото - Caravan.kz


Олар «Астана 2» мен «Шығыс-ҚорғасынҚұрылыс 2» (Өскемен) командалары. Ал өз жерлестерін («ЦСКА-ВКС») 3:1, шымкенттіктерді («Қазығұрт») 3:0 есебімен ұтқан Алматының «ҚазЭУ» командасы кеше астаналықтардан (0:3) ойсырай ұтылды. Ертең олар Талдықорған («Жетісу2») волейболшыларымен шеберлік байқасады. «Жетісулықтар» бұған дейін өскемендіктер мен астаналықтарға 0:3, алматылықтардың екінші командасына 2:3 есебімен есе жіберген еді. Ал «ҚазЭУ» (1:3) мен «Шығыс-ҚорғасынҚұрылыс 2» (0:3) спортшыларына ұтылған «ЦСКА-ВКС» енді «Қазығұртпен» күш сынасады.