Жоғары оқу орындарына түсуге тілек білдірген талапкерлердің 25 проценттен астамы кешенді тестілеу шарасынан өтпеді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жоғары оқу орындарына түсуге тілек білдірген талапкерлердің 25 проценттен астамы кешенді тестілеу шарасынан өтпеді

Жоғары оқу орындарына түсуге тілек білдірген талапкерлердің 25 проценттен астамы кешенді тестілеу шарасынан өтпеді

Жоғары оқу орындарына түсуге тілек білдірген талапкерлердің 28 проценті кешенді тестілеу шарасынан өтпеді, яғни, 40-тан төмен балл жинады. Бұл туралы мемлекеттік гранттар мен несиелер алу үшін елімізде өткізілген кешенді тестілеу шарасының қорытындысы бойынша ҚР білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 4 Тамыз 2003
  • 727
Фото - Caravan.kz

Министрлік ақпаратына сүйенсек, тестілеу шарасының жалпы қорытындысын шығару және одан өткен талапкерлерге мемлекеттік гранттар мен несиелер тарату жөніндегі конкурстық комиссияның отырысы 6-8 тамызда өтеді.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 2003-жылы жоғары оқу орындарына түсуге 160 мың талапкер тілек білдірген. Олар 16 мың 310 мемлекеттік грант және 10 мың 655 несиені еншілеу құқығы үшін білім сайысына қатысты. Мемлекеттік гранттар мен несиелердің 30 проценті ауыл жастарына, 2 проценті оралмандар мен шетелдердегі қазақ диаспорасы өкілдеріне арналады.

Соңғы жаңалықтар