Жоғары оқу орындарындағы кешенді тестілеудің алғашқы қорытындысы 11-тамызда белгілі болады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жоғары оқу орындарындағы кешенді тестілеудің алғашқы қорытындысы 11-тамызда белгілі болады

Жоғары оқу орындарындағы кешенді тестілеудің алғашқы қорытындысы 11-тамызда белгілі болады

Мемлекеттік оқу гранттары мен несиелерін алу үшін жоғары оқу орындарында өткізілген кешенді тестілеудің алғашқы қорытындысы дүйсенбі, 11-тамызда белгілі болады. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 8 Тамыз 2003
  • 1824
Фото - Caravan.kz

Ал талапкерлерге мемлекеттік гранттар мен несиелер тарату жөніндегі конкурстық комиссияның жұмысы 9-тамыз, сенбіде аяқталып, сол күні жоғары оқу орындарының ректорлары гранттар мен несиелер беру жөніндегі атаулы сертификаттарды алады. Сертификаттар 11-тамыз, дүйсенбіде жер-жерлердегі болашақ студенттерге таратылады.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 2003-жылы жоғары оқу орындарына түсуге 164,9 мың талапкер тілек білдірген. Бұл 2002-жылғы талапкерлер санынан 40,1 мың адамға артық, әрі жалпы мектеп бітірушілердің 72 процентін құрайды. Олар 16 мың 310 мемлекеттік грант және 10 мың 655 несиені еншілеу құқығы үшін білім сайысына қатысты. Мемлекеттік гранттар мен несиелердің 30 проценті ауыл жастарына, 2 проценті оралмандар мен шетелдердегі қазақ диаспорасы өкілдеріне арналады.
Талапкерлердің басым бөлігі бұған дейін қалыптасқан әдеттен жаңылмай, сол баяғы экономика және заң мамандықтарына талпынды. Бұл салалардағы бір орынға 60 баладан таласты. Сондай-ақ, «Тарих және география», «Бастапқы әскери және физикалық дайындық», «Педагогика және бастауыш сынып әдістемесі» тәрізді мамандықтарға да жоғары құлшыныс байқалды.
Ал инженерлік және ауылшарашылығы мамандықтары арасынан «Жол қозғалысын ұйымдастыру», «Мұнай және газ кеніштерін игеру», «Компьютерлік жүйелер», «Ауылшаруашылығы өнімдерін стандарттау және сертификаттау» мамандықтарын игеруге ниет білдіргендер қатары да мол болды.
Республика бойынша тұтастай алғанда, орта есеппен 1 орынға 6 адамнан келді.
Кешенді тестілеу шарасына 161,6 мың талапкер қатысты, олардың арасында қазақ тілінде оқығандар 104,1 мыңды, орыс тілінде білім алғанда 57,5 мың адамды құрады. Тестілеу шарасына жасалған алдын-ала талдау бойынша, 45,5 мың немесе жалпы талапкерлердің 28 проценті ең төменгі шек ретінде белгіленген 40 баллды жинай алмады. 95,7 мың талапкер (58,8%) 40 — 70 балл ( «3»-тік баға), 20,5 мың талапкер 71 -100 балл («4»-тік баға), 989 талапкер 100-ден жоғары балл («5»-тік баға) жинады. Мемлекеттік оқу гранттары мен несиелеріне ие болған талапкерлердің тізімі 16-17-тамызда ресми баспасөз беттерінде жарияланады.

Соңғы жаңалықтар