«Сөйтіп, 1999-2003-жылдар аралығында несие алған студенттер үшін мемлекеттік білім беру несиесінің мөлшері өспейді»,- деді ол.
Дегенмен, Б.Әйтімова алдағы уақытта білім беру несиелерінің мөлшері арту мүмкіндігін жоққа шығармады. «Әзірге біз мұндай мақсат көздеп отырған жоқпыз. Бірақ қажеттілік туындаған жағдайда логикаға бағынатын боламыз»,- деді ол.
Б.Әйтімова ақпан айының басында ол еліміздің жоғары оқу орындарында оқитын студенттермен кездесуді көздеп отыр. «Біз өзара қарым-қатынас ахуалын айқындап алуымыз қажет»,- деді ол.
Білім министрлігінің мәліметі бойынша, 2005-жылы білім беру гранттары 30,6 мың студентке беріледі.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 2004-жылы министрлік мемлекеттік білім беру гранты есебінен білім алатын студенттерге қосымша келісімге қол қоюды міндеттеген. Ол бойынша оқыту құны орта есеппен 80 процентке қымбаттауы тиіс еді. Бұл орайда ҚР білім және ғылым министрлігі оқыту құнын жыл сайынғы шығындарға сәйкес индексациялау туралы үкіметтің қаулысына сілтеме жасаған.
Желтоқсанда мемлекет басшысы жұмыс бабындағы кеңес өткізіп, онда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 1999-2003-жылдар аралығында несие алған студенттер үшін мемлекеттік білім беру несиесінің мөлшерін арттыру туралы шешімінің күшін жою туралы тапсырма берді.