Бұл туралы ол "Алғашқы" бағдарламасында айтты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
"Кейбіір видеоларым көп тарағаннан кейін халықтың ықыласын сезіне бастадым. Оған дейін мені ешкім серьезно қабылдаған жоқ. Ойын, жеңілтік сияқты деп қабылдады. Себебі, елдің арасында тик ток желісі құрметпен қарайтын дүние емес еді. Мен қари жігітке тик токқа бірге шығайық дегенімде ол жердің барлығы ойын, ұят емес пе деп айтты. Кейін маған жоғары жақтан тик токқа шықпау керек деген ескертулер де болды. Қазір бұл нәрсе жолға түсті. Жастар қай жерде болса, сол жерге барып, олардың көңілін табу керек болды. Осы арқылы мен қаламмен емес, қадаммен тарайтынын түсіндім, бару керек екен. Кез келген мұсылман біледі, мешітке барғанда ешкім оны тыңдамайды. Сөйтіп мен тек қана мешітке байлап қойғаныма өкіндім. Өмір зая кетті деп айта алмаймын. Десе де, сәл елге шықпағанымызға өкіндім, тек шақырған асқа, тойға, жаназаға шықтық. Адамдардың күнделікті қажетін жауып бере алмағаныма өкініште бодым", — дейді ол,