"Жоғарыдағылар ескерту жасады": Қайрат Әділгерей не бүлдірді - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
+2 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Жоғарыдағылар ескерту жасады": Қайрат Әділгерей не бүлдірді

"Жоғарыдағылар ескерту жасады": Қайрат Әділгерей не бүлдірді

Аман Тасығанмен бірге "TalkLike" бағдарламасында Қайрат Әділгерей ағынан жарылып, ашық сұхбат берді. 

  • 9 Қазан 2020
  • 307
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы хабарлайды.

— Қазір билік өкілдерінің аттары өзгергенімен заты сол, бұған не дейсіз?! 

— Енді ол әуелден сол ғой. Солай қалыптасқан солай қала береді. Неге биліктегілер әртістер мен спортцмендерді жанына тартады,  өйткені оларда аудитория көп. Мысалы:  Мейрамбек ағамызда қанша миллион оқырманды бар,  Сәкен ағамызда да көп. 

— Азаматтық оппозиция бар ма?! Себебі сіз қисынсыз атылған от-шашуды сынадыңыз, Қарағұсованы сынадыңыз.

— Негізі менде бұрыннан оппозиция болса, мен өзімнің инстаграм парақшамда жазып,жариялап келетін едім. Ол жерде мен тікелей эфирде өз жұмысымды жасап отырып, эмоцияға беріліп кетіп ойымды ашық айттым.

— Ерлан Қариннің қатаң ескертуінен соң әлде позицияңыз өзгерді ме? 

— Жоқ. Негізі мен өзім Ерлан мырзаға хабарласып не болып жатыр деп сұрағым келді. Ол кісі маған хабарласқан жоқ. Кейін жолығып сөйлесемін деп ойлағам, бірақ реті келмеді. Тіпті бұл тақырыпты ашып та сөйлесе алмадық. Бірақ жоғары жақтан құзырлы органдар хабарласқанын жасырмаймын. Хабарласып не себепті олай айттыңыз деді, мен ешқандай бүлік жасаған жоқпын, елде болып жатқан жағдай туралы өз ойымды ашық айттым деп жауап бердім. Олар қысқартқаныңыз жөн,  елде болып жатқан нәрсені әркім әр жаққа тартып сөйлегені дұрыс емес деп ескерту берді. Мен түсіндім. 


Осыдан соң билікке қарсы сөз айтпайтын болдыңыз ба?!-деген сұраққа Қайрат мырза:

"Мен ол жерде билікке қарсы ештеңе айтқан жоқпын. Мен азаматтық тұрғыда өз ойымды ашық айттым болғаны осы. Мен саясаттың адамы емеспін, мен өнердегі адаммын"- деп жауап берді.