Жарияланды: 620

Жол апатына ұшыраған көлік балабақша бүлдіршіндерін басып кете жаздады

Павлодар қаласының қақ ортасында төрт машина бір мезетте соғылып, жеңіл автокөлік жол жиегіндегі темір шарбақты қиратып, балабақша аумағына бір-ақ тоқтады. 

Естияр топтың бүлдіршіндері апат болған кезде екі аттам жерде ойнап жүрген. Абырой болғанда ешкім зардап шеккен жоқ. Бұл соңғы жарты жылда осы екі көше қиылысында орын алған екінші жол апаты. Екеуінде де үлкен жылдамдықпен көліктер балабақша шарбағын қиратып, ойын алаңына кіріп тоқтаған. Бүлдіршіндердің бақытына орай,екі ретінде де алаңнан әрірек ойнапты. Ал төрт бірдей көліктің соғылуына себепкер болған адам полиция келгенше,оқиға орнынан із суытып үлгерген. 

Галина Лебедева, Павлодар қаласының №3 балабақша директоры:

- Дәл осы кезде балалар түстеніп, далаға серуендеуге шыққан. Олар басқа ойын алаңқайында жүргендіктен ғана аман қалды. Көз алдымызда болғандықтан, есімізді әлі жия алмай жүрміз. 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть