Жол апатынан үш адам тірідей жанып кете жаздады
|
Алматыда жантүршігерлік жол апаты орын алды. Жылдамдықты шамадан тыс асырған көлік жүргізушісі тізгінге ие бола алмай ағашқа соғылған. Салдарынан темір тұлпар өртеніп, ішіндегі екі жолаушы мен жүргізуші тірідей жанып кете жаздады.
Куәгерлердің сөзіне қарағанда, апат қас- қағым сәтте болған. Жоғары жылдамдықпен жүйткіген BMW-нің дөңгелегі жарылып, жолдан шығып кетіпті. Салдарынан ол жол жиегіндегі ағаштарға соғылып бір-ақ тоқтаған. Ал көлік ішіндегі жолаушылар жапырылып қалған темір тұлпардан өз күшімен шыға алмапты. Қол ұшын соң маңдағы жаяу жүргіншілер созған. Ал BMW дымы қалмай өртеніп кетті.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін