Жарияланды: 240

Жол апатында ауданаралық сотының төрағасы қайтыс болды

Ақмола облысында Екатеринбург - Алматы жолының 1319-шы шақырымында жол апаты салдарынан Қарағанды облысының жасөспірімдер ісі жөніндегі ауданаралық сотының төрағасы қайтыс болды.

«Интерфакс-Қазақстан» агенттігіне облыстық жол полициясы мәлімдегендей, 51 жастағы судья «Камри» көлігімен алдындағы жүк көлігін басып озбақ болған кезде жолдың дұрыс көрінбеуі салдарынан «Тойота» көлігіне барып соғылған. Судья Астана ауруханасында көз жұмды. Екінші көліктің жүргізушісі ауруханаға түсті.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін