Жарияланды: 410

Жол ережелерін бұзғаны үшін жауапкершілік қатаңдатылмақ

Жол ережелерін бұзғаны үшін жауапкершілік қатаңдатылмақ

Қазақстанда бір апта ішінде 206 жол апаты орын алды,

онда 73 адам қайтыс болып, 267 адам жарақат алды, деп ІІМ жол полициясы комитеті мәлімдеді. Комитеттің бүгінгі хабарламасына сәйкес, жыл басынан бастап жолдың қарсы бетіне шығуға байланысты 23 мыңнан астам жол ережесін бұзу оқиғасы тіркелген. «Жол апаттарына талдау барысы анықтағандай, жыл басынан бері жол апатының әрбір он біріншісі көліктің қарсы бетке шығу салдарынан болған. Сонымен қатар, осы санаттағы апаттан зардап шеккен әрбір 100 адамға шаққанда 23 адам өлімі орын алады», - деп жол полициясы комитетінің төрағасы Берік Бисенқұлов мәлімдеді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін