Жол ережелерін жүйелі түрде бұзатыны анықталған Қарағанды облыстық ІІД бастығының орынбасары әлі жұмыстан шығарылмаған - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жол ережелерін жүйелі түрде бұзатыны анықталған Қарағанды облыстық ІІД бастығының орынбасары әлі жұмыстан шығарылмаған

Жол ережелерін жүйелі түрде бұзатыны анықталған Қарағанды облыстық ІІД бастығының орынбасары әлі жұмыстан шығарылмаған

Жолда жүру ережелерін (ЖЖЕ) жүйелі түрде бұзатыны анықталған Қарағанды облыстық ішкі істер департаменті бастығының кадр мәселелері жөніндегі орынбасары Амангелді Түсіпбеков әлі жұмыстан шығарылмаған.

  • 29 Маусым 2011
  • 407
Фото - Caravan.kz

«Қазір ол сырқаттанып, демалыста жүр. Оның қызметінен босату туралы шешім қабылданды. Ол жұмысына шығысымен қызметінен босатылады», — деп мәлім етті ҚР ІІМ жеке қауіпсіздік департаменті бастығының міндеттерін атқарушы Қуат Оспанов сәрсенбі күні брифингте.

Ол қазіргі уақытта тергеу алды тексеру шаралары жүргізіліп жатқанын, оның қорытындысы бойынша А. Түсіпбековтың ішкі істер органдарындағы қызметін жалғастыруға қатысты мәселе шешілетінін айтты.

Еске сала кетейік, А. Түсіпбековты жұмыстан шығару туралы шешімді биыл мамыр айында ІІМ басшысы қабылдаған болатын. Алайда Қарағанды облыстық ІІД бастығының орынбасары ауруханада жатқандықтан, оның қызметінен босату мүмкіндігі болған жоқ.

А. Түсіпбековты жауапкершілікке тарту туралы шешім ІІМ басшысының блогына Қарағанды облыстық ІІД жол полициясы жеке батальоны командирінің бұрынғы орынбасары Игорь Белоусовтың жазған хатынан кейін қабылданды. Ол облыстық ІІД бастығының орынбасары мен оның отбасы мүшелері ЖЖЕ жиі бұзатынын хабарлаған. Осыған байланысты 11 мамырда аймаққа қызметтік тексеру жүргізу үшін ІІМ жеке қауіпсіздік департаменті мен жол полициясы комитетінің қызметкерлерінен жасақталған топ жіберілді.

«Белоусовтың баяндағаны негізінен қуатталып, осыған байланысты қосымша тергеу алды тексеру шаралары белгіленді. Комиссияның кеңестерін негізге алған ішкі істер министрі ішкі істер қызметкерлерінің ар-намыс кодексін өрескел бұзғаны үшін, жалған мемлекеттік номерді жеке мақсаттары үшін заңсыз пайдаланғаны үшін, ЖЖЕ-ні жүйелі түрде және өрескел бұзғаны үшін, қызметтік-әскери тәртіпті өрескел бұзғаны үшін Қарағанды облыстық ІІД бастығының орынбасары Амангелді Түсіпбеков сауыққан соң қызметінен босатылады», — деп нақтылады ІІМ мемлекеттік тіл және ақпарат департаменті бастығының орынбасары Қаламқас Темірова.

Айыппұлдар мен ереже бұзу фактілерінің саны нақтыланбай отыр.

Соңғы жаңалықтар