Caravan Logo

Жол ережесін бұзып, полиция көлігін қаққан автобус жүргізушісі тұтқындалды

Жол ережесін бұзып, полиция көлігін қаққан автобус жүргізушісі тұтқындалды

Қылмыстық іс ҚК-тің 296-шы бабы бойынша (жол ережесін бұзу) қозғалды.

Жақында ол қамауға алынды, деп хабарлайды баспасөз қызметі.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, сәрсенбі күні Абай даңғылы мен Фурманов көшелерінің қиылысында №35 автобус пен полиция көлігі қақтығысты. Автобус жүргізушісі жол қозғалысын реттеушінің бұйрығына бағынбай, полиция көлігін соққан. Салдарыан ІІД ЖПБ арнайы батальоны бастығының орынбасары зардап шекті. Дәрігерлер оған нейрохирургиялық операция жасады. Полиция қызметкерінің бас сүйегі сынып, миына зақым келген. Қазір ол бірнеше күннен бері комада, жасанды аппарат арқылы тыныстап жатыр.