Жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу, жарыстар: Алматы полициясы рейдтерді күшейтті - kaz.caravan.kz
  • $ 482.53
  • 555.44
+5 °C
Алматы
2026 Жыл
29 Наурыз
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу, жарыстар: Алматы полициясы рейдтерді күшейтті

Жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу, жарыстар: Алматы полициясы рейдтерді күшейтті

Алматыда жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу, соның ішінде көлікті қауіпті жүргізу және "түнгі жарыс" деректері жиілегені байқалды. Жағда

  • 26 Наурыз
  • 7
Фото - Caravan.kz

Алматыда жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу, соның ішінде көлікті қауіпті жүргізу және «түнгі жарыс» деректері жиілегені байқалды. Жағдайды тұрақтандыру мақсатында полиция жолдардағы бақылауды күшейтіп, бірқатар рейдтік іс-шара өткізді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Алматы Полиция департаменті мәліметінше, профилактикалық шаралар жергілікті және нысаналы сипатта жүргізіліп жатыр. Негізгі мақсат — аса қауіпті құқық бұзушылықтарды анықтау және жолын кесу.

Үш күнде мыңдаған заңбұзушылық анықталды

Полиция мәліметінше, кейінгі үш күнде қалада 5 мыңнан аса жол қозғалысы ережесін бұзу дерегі тіркелген. Соның ішінде көлікті мас күйде немесе есірткіге еліткен күйде басқарған 43 жүргізуші ұсталған. Олардың бәрі көлік жүргізу құқығынан шеттетілген.

Тағы 369 адам көлікті тиісті құжаттарсыз айдаған. Арнайы айыппұл тұрақтарына 94 автокөлік жөнелтілген.

Бұдан бөлек, жылдамдықты асырудың 2 мыңнан аса жағдайы тіркелген.

Түнгі жарыстар және желідегі видеолар

Полиция өкілдері кейбір жүргізушілердің заңбұзушылықтарды әдейі жасап, оны видеоға түсіріп, әлеуметтік желілерде жариялайтынын айтты.

Дегенмен, ведомство мұндай әрбір жағдай тексеріліп, кінәлілер анықталатынын және жауапкершілікке тартылатынын ескертті.

Полиция үндеуі

Полиция департаменті қауіпті жүргізу адамдардың өмірі мен денсаулығына қатер төндіретінін ескертті.

Жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға және өздері мен өзгелердің өмірін қауіпке тікпеуге шақырды.