Жол оқиғасы кезінде "Азық-түлік келісімшарт корпорациясының" ақмола филиалының директоры елеулі зардап шекті
Ақмола облысында жол оқиғасы кезінде "Азық-түлік келісімшарт корпорациясы" АҚ-ның облыстық өкілдігінің директоры Рамазан Асип зардап шекті. |
Дүйсенбіде "Интерфакс-Қазақстан" агенттігіне облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен мәлімдегендей, өткен сенбіде осы корпорацияның "Тойоты Ланд Крузерінің" жүргізушісі жаңбыр мен бұршақтан жолдың көрінбеуі салдарынан Астана-Петропавл трассасында жол шетінде тұрған "Мицубиси" көлігіне кіріп кеткен.
Жол оқиғасы салдарынан 46-жастағы Р.Асип бас ми сүйегінен жарақат алып, кома күйінде ауруханаға жатқызылды. Жүргізуші де ауыр жарақат алып, ауруханаға жатқызылды.
"Мицубиси" көлігінде ешкім зардап шеккен жоқ.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін