Жол полициясы басқармасында үздік инспекторлар анықталды - ШҚО - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жол полициясы басқармасында үздік инспекторлар анықталды - ШҚО

Жол полициясы басқармасында үздік инспекторлар анықталды - ШҚО

Шығыс Қазақстан облысы Ішкі істер департаменті Жол полициясы басқармасында «Үздік инспектор» атты конкурс болып өтті.

  • 5 Қараша 2012
  • 365
Фото - Caravan.kz

Жеті кезеңге бөлінген сайысқа басқарманың саптық бөлінісінің 18 қызметері қатысты.

Жарысқа қатысқан жол сақшыларының құқықтық нормативтік актілер мен жол қозғалысы ережерінен біліктілігі компьютерде тексеріліп, медициналық алғашқы көмек көрсету мен жол қозғалысын реттеу бойынша да сынақ алынды. Қызметтік атыс қаруы мен физикалық дайындықтарын тексеру де сайыс барысында сырт қалмады.
Екі күнге жалғасқан жарысты қортындылаған әділқазылар ЖПБ № 1 жеке батальенында қызмет ететін полиция старшинасы Ақпердинов Бауыржанды үздік деп танылса, екінші орынды № 1 жеке батальонның полиция старшинасы Тоқтасын Дәурен иеленді. Үшінші орынды Семей қаласы №2 Жеке батальоннының полиция старшинасы Есенжолов Асхат алды.

Соңғы жаңалықтар