Бұл туралы ІІД баспасөз қызметінен Роза Қалдыбекова хабарлады.
Жарысқа барлығы 18 команда қатысты. Жамбыл облысы ІІД бастығының орынбасары, полиция полковнигі Т.Жүнісқадыров жарысты ашып, оған қатысушыларды ҚР Жол полициясы күнімен құттықтап, алдағы уақыттарда қызметтерінде табысты болып, отбасыларына береке-бірлік, сәттілік тілеген жүрекжарды лебізін білдірді.
Жарыс қызықты әрі тартысты өтті. 18 команданың ішінен іріктеліп 3 команда жеңіс тұғырына көтерілді. Бірінші — орынды Шу АІІБ, екінші орынды — ЖПБ, үшінші орынды — №3 ПБ иеленді. Барлық жеңімпаз командалар арнайы және бағалы сыйлықтармен және кубоктармен марапатталды.