«Жол полициясы комитеті жол ережесін бұзбайтын жүргізушілерді ынталандыру қажет деп есептейді», — деп хабарлайды комитеттің баспасөз қызметі.
«Шетелддердің тәжірибесі бойынша мұндай жүргізушілерді сақтандыру тетіктері арқылы ынталандыруға болады. Мысалы, жүргізушілердің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру жүйесі бойынша сақтандыру полисінің құнын төмендетуге болар еді», — дейді комитет төрағасы Берік Бисенқұлов, делінген хабарламада.
Ал, жол тәртібін үнемі бұзатындардың сақтандыру полисі керісінше, қымбат болуы тиіс, дейді ол.
Нәтижесінде жол ережесін бұзу жүргізушілер үшін экономикалық жағынан тиімсіз болмақ.