Жол полициясы Ішкі істер министрлігінің элиталық бөлімшесіне айналуға тиіс - премьер-министр - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+5 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жол полициясы Ішкі істер министрлігінің элиталық бөлімшесіне айналуға тиіс - премьер-министр

Жол полициясы Ішкі істер министрлігінің элиталық бөлімшесіне айналуға тиіс - премьер-министр

Астана. 23 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Жол полициясы Ішкі істер министрлігінің элиталық бөлімшесіне айналуға тиіс. Бұл туралы республика үкімет басшысы Кәрім Мәсімов бүгін өткен үкіметтің отырысында мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 23 Қыркүйек 2008
  • 426
Фото - Caravan.kz

«Мемлекет басшысы өз сөзінде үкіметке жол полициясы қызметкерлерінің жалақысын біршама қосу туралы тапсырма беруіне байланысты сіздерде осы бөлемшені элиталық бөлімшеге айналдыруға мүмкіндік бар», — деді Кәрім Мәсімов еліміздің ішкі істер министрі Бауыржан Мұхамеджановқа қаратып айтқан сөзінде.

«Сонымен бірге, кейінгі екі айда болған оң өзгерістерді атап өту қажет. Бүгін сіз статистиканы көрсетіп, апаттар санының қаншаға азайғанын, қанша адамның өмірі сақталып қалғанын айттыңыз. Жалпы алғанда, қоғамдық пікір сіздің мекеме президент тапсырмасы бойынша қолданып жатқан шараларды оң бағалауда», -деді Кәрім Мәсімов.

«Дегенмен, мекемелеріңізде сыбайлас жемқорлық дерегі әлі де бар. Бұл да — факт. Осы бағытта жұмыстар жүргізу керек, сол себепті мен қызметкерлер арасында аттестация жүргізу қажет деген пікіріңізді қолдаймын», — деді премьер.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар