Жолаушы Нұрсұлтан Назарбаев әуежайындағы автотұраққа 57 мың теңге төледі - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
0 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жолаушы Нұрсұлтан Назарбаев әуежайындағы автотұраққа 57 мың теңге төледі

Жолаушы Нұрсұлтан Назарбаев әуежайындағы автотұраққа 57 мың теңге төледі

Астанада Нұрсұлтан Назарбаев әуежайының ақылы автотұраққа бір тәулік 10 сағатқа көлігін қалдырып кеткен жолаушы 57 мың теңге төледі, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

  • 14 Тамыз 2017
  • 389
Фото - Caravan.kz

Видеоны белгілі әнші Қайрат Баекенов өзінің инстаграм парақшасына жүктеген екен.

«Ұшып келгенде тосын жағдайға куә болдым. Көлігін бір тәулікке әуежай автотұрағына қойып кетіп, 57 мың теңге төледі. Сұмдық. Мынадай Назарбаев атындағы жаңа әуежай қажет емес», — деп жазған әнші.

Бұған дейін Мәжіліс депутаты Серік Сәпиев те Нұрсұлтан Назарбаев әуежайындағы автотұрақтағы бағаның қымбаттығын айтып Әсет Исекешевке шағымданған болатын.

«Егер көлікті жабық паркингке қалдырса тәулігіне 2000 теңге, бұл қолайлы баға. Даладағы автотұрақта алғашқы екі сағат үшін 400 теңге және ары қарай әр сағатқа 1500 теңге. Сонда тәулігіне біз 33 400 теңге төлеуіміз қажет. Бағдарлама толығымен жетілдірілмеген немесе халыққа арналмаған. Өйткені келесі тәуліктерде әр сағат сайын 2500 теңге төлеу қажет болады»,- деп жазды Сәпиев.

Естеріңізге сала кетейік, Астана халықаралық әуежайы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың есімі берілген болатын.