Жолаушы ұшағы Ақтөбеге апатты жағдайда қонды, құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ
24-желтоқсанда 17 сағат 50 минутта "Эйр Қазақстан" әуе компаниясының Қарағанды-Франкфурт бағытындағы 111 рейсі бойынша ұшқан "А-310" ұшағы Ақтөбе қаласына апатты жағдайда қонды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі Агенттігінің баспасөз қызметінен хабарлады. Ұшақтың апатты жағдайда қонуына жылу насосындағы ақау себеп болған. Ұшақпен 143 жолаушы жолға шыққан көрінеді. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. |
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін