Жолаушылар автобустары жабық жолдардан кері қайтарылуда - ШҚО
Жолдың нашар көрінуіне байланысты Шемонаиха қаласындағы Оба өткізу бекетінен адамдары бар 25-тен астам автокөлік шығарылды, олар аудан мектебіне орналастырылды. |
Өскемен-Шемонаиха-РФ шекарасының 105-123 шақырым аралығындағы учаскесі, ал кеше сағат 18.00-ден 33-102 шақырымы жабылды.
Сағат 18.30-дан бастап 977-1075 шақырым жол учаскесі (Қалбатау-Қасым Қайсеінов кенті) және Өскемен-Зырян-Рахман қайнарлары (6-67 шақырымы) жолының учаскесі жабылды. Кешке қарай облыстық маңыздағы Чарск-Бақыршық, Новопокровка-РФ шекарасы, Воскресеновка-Дмитриевка жолдары қозғалыс үшін жабылды.
Кешқұрым күре жолдан 13 жолаушы мінген Новосібір-Өскемен жолаушылар автобусы кері қайтарылды және Оба өткізу бекетінен Шемонаихаға жеткізілді, адамдар жергілікті мектепке орналастырылды.
Түн жарымда 37 жолаушы және 2 жүргізуші мінген Өскемен-Шемонаиха рейсі Оба өткізу бекетінен Шемонаихаға жеткізілді. Жолаушылар сондай-ақ аудандық мектепке орналастырылды.
ТЖ қызметтері 15-17 қаңтар аралығында ауа райына байланысты ескерту жариялады.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін