Жолаушылар пойызының жүру кестесіне енгізілген өзгерістер
![]() |
2013 жылдың 13 қаңтарынан бастап 10-нан астам жолаушылар пойызының жүру кестесіне өзгерістер енгізіледі. |
Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның баспасөз қызметі хабарлайды.
Елорданың ресми сайтының жазуынша, олардың ішінде Астана стансасы бойынша:
- № 10 «Астана - Алматы» бағытында Астана стансасында 8 минутқа, Қарағандыда 15 минутқа;
- № 327 «Қостанай - Қарағанды» бағытында Астана стансасында 5 минутқа өзгерістер енгізілді.
Жолаушылардың пойыздан кешікпеуі үшін вокзалға уақытында келіп, вагондарға дер кезінде отыруы сұралады.
Өзгерістер енгізілетін поездардың толық тізімін www. сайтынан анықтап білуге болады.temirzholy.kz
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін