Жолаушылар тасымалдайтын кемелерге қатаң бақылау жүргізіледі - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жолаушылар тасымалдайтын кемелерге қатаң бақылау жүргізіледі

Жолаушылар тасымалдайтын кемелерге қатаң бақылау жүргізіледі

Татарстан Республикасы аумағында орын алған қайғылы жағдайға байланысты ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің Көліктік бақылау комитеті жоспардан тыс екі аптаның ішінде республиканың барлық аумағында жолаушы тасымалын атқаратын кемелерді пайдалану қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған рейдтік тексеру жұмыстарын жүргізеді,

  • 14 Шiлде 2011
  • 487
Фото - Caravan.kz



деп хабарлайды Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметі.

Аталған іс-шараның мақсаты жолаушыларды тасымалдайтын кемелердің судағы көлік оқиғасының алдын алу.

Кеме қатынасының қауіпсіздігі кеме иелерінің, кеме экипаждарының, жағалау инфрақұрылымындағы объект иелерінің, республикалық су жолдары мекемелерімен және мемлекеттік органдарының іс-шаралар кешенін қамтамасыз ету барысында жүзеге асырылады.

Жолаушы кемелеріне инспекторлық тексерулер жүргізу кезінде кеменің техникалық жағдайына, кемелердегі құтқару құралдары және өртке қарсы құрал-жабдықтардың болуына, командалық құрам мен кеме экипажының тиісті біліктілігі және кеме құжаттарының болуына басты назар аударылады.

Кеме қатынасының қауіпсіздігі кеме иелерінің, кеме экипаждарының, жағалау инфрақұрылымындағы объект иелерінің, республикалық су жолдары мекемелерімен және мемлекеттік органдардың іс-шаралар кешенін қамтамасыз ету барысында жүзеге асырылады.

Соңғы жылдары республикамызда кемеле қатынасының барынша өсу үрдісі сақталып отыр. Осыған байланысты судағы көлік оқиғаларының арту қаупі бар.

Ағымдағы жылдың І жартысында Көліктік бақылау комитетінің инспекторлық қызметі нәтижесінде 200-ден астам әкімшілік заң бұзушылық әрекеті анықталды.

Су көлігіндегі заңнама талаптарына сәйкес, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі «Кеме қатынасы тіркелімі» Мемлекеттік мекемесінің жыл сайынғы куәландыруынсыз өзен кемелері жүзуге жіберілмейді. Сонымен қатар, 2011 жылғы флоттағы апат жағдайына ескерту жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес, Көліктік бақылау комитетінің аумақтық органдары қызметкерлері өзен кемелері мен кеме қатынасындағы су жолдарын, онда орналасқан құрылыстарды бақылап тексеру жұмыстарын өткізуде.

Қазіргі таңда республика бойынша 1200-ге жуық теңіз және өзен кемелері тіркелді, оның ішінде, жолаушылар тасымалын атқаратын кемелердің саны 74, яғни 6,6%-ын құрайды. Соның ішінде 48-і жарамды, ал 26-на тыйым салынған. Жолаушылар кемелерінің қызметке жарамды орташа мерзімі 25 жылдан аспауы керек.

Рейдтік іс-шаралар 1 маусымда басталған жыл сайынғы республикалық «Скутер» акциясымен бірге қатар өткізіледі. Іс-шараның мақсаты — адамдар көп жиналатын орындарда шағын көлемді кемелерді пайдалану қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Соңғы жаңалықтар