«Жолаушылар тасымалы» АҚ темір жол билеттерін рәсімдеу мен сату қызметін монополияландырып алған - БҚА - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Жолаушылар тасымалы» АҚ темір жол билеттерін рәсімдеу мен сату қызметін монополияландырып алған - БҚА

«Жолаушылар тасымалы» АҚ темір жол билеттерін рәсімдеу мен сату қызметін монополияландырып алған - БҚА

Бәсекелестікті қорғау агенттігі темір жол билеттерін рәсімдеу және сату саласында бірқатар заң бұзушылықтарды анықтады, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

  • 25 Қазан 2012
  • 538
Фото - Caravan.kz

«Тексеру барысында агенттік темір жол билеттерін рәсімдеу мен сату қызметі нарығын «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның монополияландырып алғанын анықтады», — делінген хабарламада.

Агенттік хабарлауынша, жеке меншік тасымалдаушылардың бәрі де билеттерін «Жолаушылар тасымалы» арқылы сатады.
Ал, билетін өткізіп бергені үшін ол компаниялардан түскен соманың 1,6%-ы көлемінде комиссия алатын көрінеді.
«Сонымен қатар, компания біртұтас билеттер шығарып, оларды тасымалдаушыларға «үстеме» бағамен сатып келген. Сөйтіп, бір билет бланкісінен 11-16 теңге пайда тауып отырған, делінген хабарламада.
Ал, жеке меншік билет агенттіктері жолаушылардан 100 бен 600 теңге аралығында комиссиялық алым алады.
Агенттік тексеру нәтижесі бойынша Көлік және коммуникация министрлігіне хат жолдап, темір жол билеттерін сату тәртібін заңмен бекітуді ұсынбақ.

Соңғы жаңалықтар