Жолаушылар тасымалына лицензиялау жүргізіледі- kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жолаушылар тасымалына лицензиялау жүргізіледі-

Жолаушылар тасымалына лицензиялау жүргізіледі-

2011 жылғы 30 маусымда ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің Көліктік бақылау Комитетінің ұйымдастыруымен Шымкент қаласында жолаушылар тасымалын ұйымдастыру мәселелеріне қатысты жиын өтті. Жиынға Оңтүстік Қазақстан облысы әкімшілік өкілдері және бизнес қоғамдастықтар мен жолаушылар ассоциациялары қатысты,

  • 30 Маусым 2011
  • 702
Фото - Caravan.kz

деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.

Бүгінгі таңда тасымал үдерісінің қауіпсіздігі ең көкейтесті мәселенің біріне айналып отыр. Еліміздегі тас жолдарда көлік апаты азаяр емес. Тіпті жолаушылар автокөліктерінің ірі апаттары тіркелген. Автобус жүргізушілері пайда табу мақсатында жолаушылар мен жүк тасымалы кезінде белгіленген ережелерді қасақана орындамай, еңбек пен демалыс тәртібін бұзып, жолаушыларды тасымалдауға рұқсат етілетін арнайы медициналық және техникалық тексерістерді өтті деген куәліксіз жолға шыға береді. Ал кез келген жолаушы тасымалдауға арналған автобус пен жеңіл көліктердің жарамдылық мерзімі не бары 15-20 жыл ғана екені ескерілмейді.

ҚР ККМ Көліктік бақылау Комитеті Оңтүстік Қазақстан Жолаушылар көлігі және автожол мен Жол полициясының бірлесуімен 23 — 29 маусым аралығында Шымкенттен Леңгір, Түркістан, Отырар, Түлкібас, Жетісай, Сарыағаш, Жібек Жолы қалаларына бағытталған жолаушылар автобустарына тексеріс рейдтерін жүргізді.

Көліктік бақылау Комитетінің төрағасы Әділет Барменқұлов «рейд нәтижелері жолаушылар тасымалының ахуалы күннен күнге нашарлап бара жатқанын» атап айтты.

23-29 маусым аралығында облыс аумағындағы бағыттарда 300-ден аса жеңіл көліктер және минивэндер тексерілді. Тіркелген тәртіп бұзушылықтар нәтижесінде 118 хаттама толтырылып, 893 мың теңге көлемінде айыппұл салынды.

Сонымен қатар, осы іс-шаралардың барысында облыс аумағында жолаушылар тасымалын тұрақсыз орындағаны үшін 240 автобусқа әкімшілік материалдары жинақталып, 1 миллион 300 мың теңге көлемінде айыппұл салынды.

Аталмыш акцияны қорытындылай келе, жолаушылар тасымалы жүйесінде қалыптасқан жағдай іс жүзіне асып жатқан заңнаманың қатаң түрде орындалуының талабы ретінде қалааралық және халықаралық тораптарында жолаушылар тасымалын лицензиялау екендігін көрсетеді.

Лицензиялаудың Ережелері үстіміздегі жылғы 4 шілдеден бастап күшіне енеді.

Жолаушылар тасымалын лицензиялаудың негізгі мақсаты қалыптасқан талаптарға сай тасымалдайтын тасымалдаушыларға бағытталған.

Тасымалдаушыларға лицензия алу үшін жөндеу жұмыстары мен техникалық қызмет көрсетуді қамтамасыз ететін өндірістік-техникалық кешен, қауіпсіз және техникалық талапқа сай автобустар, сонымен қатар тиісті жұмыс өтілі бар білікті жүргізушілер қажет.

Соңғы жаңалықтар