Бұл туралы Бақыт Шадаева «Ұнамаса қарама» бағдарламасында айтты.
Шадаева Сейфуллиннің атағы дүркіреп тұрған шағында оған ән жаздырғанын айтты. Ол сапалы туындыға қол жеткізу үшін аянып қалмағанын, әріптесінің жағдайын жасағанын айтты.
«Кезінде оның әндерін ұнатып, қаражатын төлеп, жағдайын жасадық. Аппараттарына дейін алып бердік. Кейін мен жаңа үйге көшкенде ол менің ескі үйімді сатып алуға ниет білдірді. Мен келістім», – деген Шадаева бұдан кейін сазгердің алдап кеткенін айтады.
Айтуынша, Сейфуллин Жолбарыс үйдің жарты ақшасын төлеп, қалған жартысына ән жазып беруге уәде берген. Алайда сөзінде тұрмаған. Тіпті, үйдің жарты ақшасын бермей қойыпты.
Кейін бәрін жоққа шығарды. Тұмсығын көтеріп, «Сенен де асқан әншілерге ән жазамын» деп мені өкпелетіп қойды», – деді Бақыт Шадаева.
Оқи отырыңыз:
WBC президенті тағы да "Канелоны" қорғаштады
Қазақстандық режиссер Африкада бейнебаян түсірді
«Мені жабылып ұрғанда аядың ба»? Қазақ жігіттері бір-бірін аяусыз соққыға жықты