Жарияланды: 330

Жолда қалған 40 шақты жолаушы құтқарылды - ШҚО

Шығыс Қазақстан облысының құтқарушылары қала сыртындағы көлік жолдарда аяз салдарынан жолда қалған көліктерден шамамен 45 адамды эвакуациялады, деп «Интерфакс-Қазақстан» агенттігіне облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департамент мәлімдеді.

Атап айтқанда, Тарбағатай ауданында 42 адам мінген автобус сынып жолда қалған, оның ішінде екі бала да бар. Құтқарушылар жолаушыларды жақын жердегі елді мекенге жеткізді. Сонымен қатар, Аягөз қаласынан 60 шақырым жерде жеңіл көлік жолдың ернеуіне шығып кеткен. Көлікте әйел мен екі кішкене бала болған. Оларға да көмек көрсетілді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін