Жолдардағы көктайғаққа байланысты ескерту жарияланды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жолдардағы көктайғаққа байланысты ескерту жарияланды

Жолдардағы көктайғаққа байланысты ескерту жарияланды

Қолайсыз ауа райы, яғни қардың жаууы мен температураның күрт төмендеуі

  • 23 Қазан 2015
  • 292
Фото - Caravan.kz


және көктайғақ Ақмола, Қостанай, Қарағанды облыстарының жекелеген аудандарында сақталады.

ҚР ИДМ мәліметіне қарағанда, осыған байланысты республикалық маңызы бар жалпы ұзақтығы 23 696 шақырымдық автожолдарда 2015-2016 жылдардағы оларды қыста күтіп ұстау жоспарына сәйкес, «көктайғақ» ескертуі  жарияланды. Осыған байланысты автожолдарға уақытылы құм себу, автокөліктердің қысқа мерзімде қауіпсіз және үзіліссіз қозғалысы, сондай-ақ ақпаратты жедел жинау қамтамасыз етілуі тиіс. Қазіргі уақытта республикалық маңызы бар жолдарда көліктердің қозғалысын шектеу енгізілген жоқ.
«Қазақавтожол» РМК-ың күшімен аталған облыстардың аумағындағы республикалық маңызы бар жолдарда қар алып қалатын учаскелерді қадағалау, көлік өтетін жол табанын қардан тазарту жұмыстары жасалуда, қар тосқауылдары мен «тайғанақ жол» деген уақытша жол белгілері орнатылды. Сонымен қатар қауіпті учаскелерде көктайғаққа қарсы материалдар қосымша себілуде.

Соңғы жаңалықтар