"Жолдасым маған бір ұсыныс айтты": Алтынай Жорабаева оқырмандарына ерекше жаңалығын айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Жолдасым маған бір ұсыныс айтты": Алтынай Жорабаева оқырмандарына ерекше жаңалығын айтты

"Жолдасым маған бір ұсыныс айтты": Алтынай Жорабаева оқырмандарына ерекше жаңалығын айтты

Алтынай Жорабаева қазіргі күйеуімен бірігіп бизнес жасамақ. Әнші отбасылық бизнесі жайлы айтты. Әнші оқырмандарына таңғаларлық жаңалығын жеткізді. 

  • 19 Қазан 2020
  • 397
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Инстаграм парақшасында айтты. 

Әнші Алтынай өнерден бөлек бизнеспен айналысатынын көп алдында ашық айтады. Бұған дейін жиһаз сатуды қолға алған еді. Енді бұл бизнесін әрі қарай жолдасымен бірге дөңгелететінін айтты. 

"Құрметті оқырмандарым, сіздерге айтар тамаша жаңалығым бар. Менің жиһаз сататын компаниямның қожайыны жолдасым еді. Ол маған компанияны сатқанын айтты. Себебі сатуға тұрарлық ұсыныс алған. Компанияны құрбан етуге тұрарлық компания екен", — деді әнші. 

Жорабаева отбасылық бизнесі жайлы айтып, сүйінші сұрады. Қазіргі жолдасы екеуі бірігіп жұмысын жүргізеді. 


"Бірігіп істеген істе береке болады. Алла қаласа алдағы уақытта тағы бір жаңалық күтіңіздер", — деп әнші желідегі оқырманын қызықтырып қойды. 

"Істеріңіз оңынан келсін", "Алла қолдап берекелі болсын", "Отбасыңызға табыс, бақыт тілейміз. Некеңіз баянды болсын", "Сіз бәрін жасай аласыз", — деп дем берді желідегілер.