"Жолды жауып, намаз оқуға болмайды": ҚМДБ өкілі - kaz.caravan.kz
  • $ 504.49
  • 587.73
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
7 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Жолды жауып, намаз оқуға болмайды": ҚМДБ өкілі

"Жолды жауып, намаз оқуға болмайды": ҚМДБ өкілі

Намаз оқуға болмайтын жеті орын аталды.

  • 10 Желтоқсан 2024
  • 13
Фото: видеодан алынған

Алматыдағы жолды жауып тастап, намаз оқып жатқандардың видеосына қатысты Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі өкілдері пікір білдірді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

ҚМДБ өкілі Ағабек Қонарбайдың айтуынша, жолды жауып, намаз оқуға болмайды.

«Осы жылдың 6 желтоқсанында Алматы Орталық мешітінде алғаш рет жұма намазына келушілер мешіт ауласына сыймай қалды. Парыз намазы басталғанға дейін мешіт қызметкерлері жамағатты мешіт ауласына орналастырған. Алайда, парыз намазы басталған соң мешіттің оң жақ бөлігі яғни, М.Мәметова көшесінің бір бөлігінде 5 минуттық құлшылық парызын өтеу орын алған. Салдарынан көше кептелісі пайда болды.

Құрметті жұма намазына келуші жамағат!

Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) жеті жерде намаз оқуға тиым салған.

Олар:

-қоқыс жиналған жерде,
-мал соятын орында,
-қабір басында,
-жолдың үстінде,
-моншада,
-мал суарылатын орында,
-қағбаның үстінде.

Жол үстінде намаз оқуға тыйым салуының басты себебі: жол қозғалысына кедергі келтірмеу. Ол көшемен жедел жәрдем көлігі, өрт сөндіру көлігі немесе жұмысына асыққан адам жүретіні белгілі. Сондықтан 5 минутқа көшені жауып намаз оқу қаншама ұзын-сонар көше көптелісін туындатады. Жұма намазын оқу кезінде жолды жауып, басқа адамдарға зиян тигізуге болмайды. Сол себепті, баршаңызды намазға ертерек келіп, тиісті көрсетілген орындарға жайғасуды, жолдарды жаппауды, көліктерді де дұрыс орынға қоюды, талап пен тәртіпті қатаң сақтауларыңызды сұраймыз», — делінген мәлімдемеде.

Айта кетейік, жақында бір топ азаматтың жол бойында намаз оқып, көлік жүрісін қиындатқан видеосы әлеуметтік желіде тараған еді. Шулы оқиғаға қоғам наразылық білдіріп, Қазақстан зайырлы мемлекет болудан қалды деп пікір білдірген болатын.

Перейти к новостям спорта