Алматы қаласы жергілікті полициясының хабарлауынша, жол ережесін бұзған троллейбус жүргізушісі ҚР ӘҚК 596-бабының 3 тармағы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
«Әкімшілік хаттама негізінде 1980 жылы туған К. есімді троллейбус жүргізушісі Әуезов көшесімен келе жатып, Төле биге жақындаған тұста жолдың қарсы жолағына шығып кеткені анықталды», делінген хабарламада.