Жол-көлік апатынан жол полициясының өкілі зардап шекті! - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жол-көлік апатынан жол полициясының өкілі зардап шекті!

Жол-көлік апатынан жол полициясының өкілі зардап шекті!

Алматыда орын алған жол-көлік апатынан жол полициясының өкілі зардап шекті. Жол полициясы басқармасына қарасты арнайы батальон бастығының орынбасары мінген көлік автобуспен соқтығысып қалды. Оқиға қаланың қақ ортасындағы Абай даңғылы мен Фурманов көшесінің қиылысында орын алды.  

  • 2 Маусым 2011
  • 445
Фото - Caravan.kz

Таңертең  көшелердің қиылысындағы көлік қозғалысын реттеп тұрған жол сақшысы Абай даңғылымен келе жатқандарды тоқтатып, Фурманов көшесіндегі көліктердің жүруіне рұқсат берген. Осы кезде автобустың оны тыңдамай, өтіп кеткісі келгені бейнекөріністен байқалып тұр.Жол апатынан екі адам зардап шекті. Жеңіл жараланған  бір жолаушыға оқиға орнында дәрігерлік көмек көрсетілсе, арнайы батальон командирінің орынбасары қатты соққы алған. Дәрігерлер оны шұғыл түрде ауруханаға жеткізді. Қоғамдық көліктің жүргізушісі ішімдік пен есірткіге қатысты арнайы тексеруден өткізілді. Басқа ресми мәлімет әзірге жоқ; куәгерлердің айтқандары ғана бар.

Руслан Шенебаев, куәгер:

—  Автобус, әрине, автобус кінәлі. Инспектор «жүр»  деген дұрыс белгі көрсетті.

Жол полициясының тағы бір Қарағандыдағы қызметкері бүгін ауыр жараланды. Инспектор жылдамдықты шамадан тыс арттырып, жүгенсіздік танытқан жүргізушіні тоқтатпақ болған.  “БМВ” көлігін мас күйінде басқарған 24 жастағы жігіт қашамын деп жүріп, полицейлер мінген қызметтік көлікке барып соғылған. Енді тәртіп бұзушы көлік жүргізу құқығынан айрылып, жол сақшыларының көлігіне келтірілген зақымды жөндеп беруі тиіс.


Жаңатай Сембеков, Облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі:

— Қазіргі таңда анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Полиция қызметкері дене жарақатын алып, облыстық медицина орталығына жеткізілді. «БМВ» автокөлігіжүргізушісінің куәландырудың қорытындысы бойынша спирттік ішімдік ішкені анықталып отыр.

Соңғы жаңалықтар