Жолсеріктер 8 жасар баланы жүк вагонына тығып әкелмек болған - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жолсеріктер 8 жасар баланы жүк вагонына тығып әкелмек болған

Жолсеріктер 8 жасар баланы жүк вагонына тығып әкелмек болған

Жамбылда жолсеріктердің жымысқы әрекеті әшкереленді. Ақшаға құныққандар 8 жасар баланы Ақтөбеден Алматыға жүктің арасына жасырып жеткізбек болған. Ересектердің қарауынсыз, жолаушылар пойызының пошта вагонында кетіп бара жатқан бүлдіршінді прокуратура қызметкерлері Жамбыл облысындағы станциялардың бірінен түсіріп алды.

  • 30 Шiлде 2011
  • 739
Фото - Caravan.kz

8 жасар Ардақ Серіковті жалғыз өзін 26-шілде күні туыстары Ақтөбе-Алматы пойызына салып жіберген. Жолсерігімен келісіп, ақысын төлепті. Алайда жол бойында болатын тексерістерді білген вагон жолсерігі Ардақты пошта вагондардың біріне жасырған.

Бауыржан Серікұлы, Жамбыл облыстық көлік прокурорының көмекшісі:

-Пошта вагонына жолсеріктер орналастырды дейді. Луговойға келгенде қайтадан өзіміздің вагонға алып аламыз деген.

Ақшаға құныққан жолсерікке қатысты әкімшілік іс қозғалды. Ал бүлдіршін бір түнді уақытша оқшаулау орталығында өткізіп, ертеңінде Алматыда күтіп алуы тиіс туыстары оны “Луговой” бекетінен алып кеткен. Жалпы, Таразда жаз басталғалы пойызға билет тапшы. Тұрғындар, тіпті, сапарларын бір ай бұрын жоспарласа да билет таппай жүр. Вокзал басы таңның атысы, күннің батысы дәл осындай ұзын-сонар кезек.

Тұрыс Жүнісбеков, Тараз қаласының тұрғыны:

-Мына жерде, қазір бір айға дейін билет жоқ. Қазір, пойыз келіп тоқтайды. Билет, билет деп қағаздарын шығарады, алыпсатарлар. Олар,  керек десең, бүгінге билет тауып береді. Олар мына жерден мың теңгеге қымбат билет сатады. Не деген масқаралық?!


Ал вокзал басшылығы болса, Жамбыл облысынан басқа өңірлерге тікелей қатынайтын отарба болмаған соң осындай жағдайға жылда тап боламыз -деп ақталды.

Бағдат Тілеуленова, Учаскелік билет кассаларының меңгерушісі:

-Жамбыл станциясында жол жүру билеттерінің жоқ болуы жиі байқалады. Оның басты себебі, бізде арнайы Тараздан шығатын пойыздар жоқ. Нәтижесінде, қарапайым  халық арасында қиындықтар туындап жатады.

Жол бойындағы жолсеріктер мен делдалдардың жымысқы әрекеті қарапайым жолаушыға кесірін тигізіп отыр. Қазір жамбылдықтар Астана және Солтүстік өңірлер сияқты күншілік жерлерге жеңіл көлікпен жетуге мәжбүр. 

Соңғы жаңалықтар