Жарияланды: 30

Жомарт Ертаев Астанаға жеткізілді

Жомарт Ертаев Астанаға жеткізілді

Ертаев "BANK RBK" АҚ-ның 144 миллиард теңгесін жымқырды деген күдікке ілінді.

ҚР бас прокуратурасы қызметкерлері Жомарт Ертаевты қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін Ресей Федерациясынан экстрадициялады.  

Өткен жылдың наурызында оған халықаралық іздеу жарияланған болатын.

"Ж. Ертаев 2011 жылдан 2017 жылға дейінгі кезеңде басқа тұлғалармен алдын ала сөз байласып, қызметтік жағдайын пайдалана отырып "BANK RBK" АҚ-ның 144 миллиард теңгесін жымқыруды ұйымдастырды деген күдікке ілінді", - деп жазылған ҚР бас прокуратурасының баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Ертаевпен бірге 54 тұлға күдікке ілініп отыр, олардың арасында банктің 41 топ-менеджері мен қызметкері – бұрын экстрадицияланған Б. Ибрагим, И. Мажинов, Д.Туғанбай, Д.Едігенев, А.Мамырбеков, Т.Шәріпов және басқалар бар.

Тергеу барысында қабылданған шаралардың арқасында 15 миллиард теңге өтеліп, 48 миллиард теңгенің мүлкіне бұғау салынды.   

Қазіргі таңда арнайы прокурорлар іс бойынша тергеуді аяқтады, процеске қатысушылар материалдармен танысып жатыр.

Ертаев Астана қаласының тергеу абақтысына жабылды.

 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін