Жөндеу мақсатына бөлінетін қаржы көлемі үш есе ұлғайтылған жағдайда ғана республика автожолдарын толыққанды жаңалауға болады - ҚР көлік және коммуникация министрі - kaz.caravan.kz
  • $ 520.91
  • 544.25
-8 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жөндеу мақсатына  бөлінетін қаржы көлемі үш есе ұлғайтылған жағдайда ғана республика автожолдарын толыққанды жаңалауға болады - ҚР көлік және коммуникация министрі

Жөндеу мақсатына бөлінетін қаржы көлемі үш есе ұлғайтылған жағдайда ғана республика автожолдарын толыққанды жаңалауға болады - ҚР көлік және коммуникация министрі

Жөндеу мақсатына бөлінетін қаржы көлемі үш есе ұлғайтылған жағдайда ғана республикалық маңызды автожолдарды толыққанды жаңалауға болады. Бүгін, 24-мамырда республика парламентінде өткен "Көліктік-коммуникациялық кешенінің 2003 жылғы жұмыс қорытындылары және 2004 жылғы міндеттері" тақырыбына арналған Үкімет сағатында ҚР көлік және коммуникация министрі Қажымұрат Нағманов осындай пікір білдірді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 24 Мамыр 2004
  • 403
Фото - Caravan.kz

Министрдің айтуынша, «жолдардың асфальтті қаптамаларының тез тозу құбылысын тоқтата алмай отыруымызға қарап жолдарды жаңалау қарқыны бәсең деп бағалауға болады». Қ.Нағмановтың айтуынша, соңғы үш жылда республикада жыл сайын республикалық маңызы бар 2 мың шақырымдай автожолдар қалпына келтірілуде. «Ал белгіленген тәртіп бойынша жылына 8 мың шақырым жол жаңалануы тиіс». Қ.Нағманов осы орайда «жыл сайын Қазақстанда республикалық маңызды 40 мың шақырым автожол жарамсыз күйге көшеді» деген ғылыми сарапшылар қорытындысына сілтеме жасады. «Жөндеу мақсатына бөлінетін қаржы көлемі үш есе ұлғайтылған жағдайда ғана республика автожолдарын толыққанды жаңалауға болады»,- деді министр.

Қ.Нағмановтың айтуынша, 2003-жылы республикалық маңызы бар 1468 шақырым жол жөндеуден өткен. Ал осы мақсатқа бөлінген бюджет қаржысының игерілу көрсеткіші 2002-жылы 75 процент болса, биыл 98 процентке жетті. 2004-жылы автожол саласын дамытуға бюджеттен 40,8 млрд. теңге бөлінді.